23-қаңтар күні таңертең сағат тоғызға дейін қоғамдық көліктердің тек 41 пайызы ғана жолға шықты. Негізінде мыңға жуық автобус жолаушыларға қызмет көрсету тиіс. Жауаптылар мұның себебін күннің суытуымен байланыстырып отыр.
Сондай-ақ, басым бөлігі GPS қондырғыларын толық орнатпауынан орын алған олқылық деп түсіндірді. Ал кеше күндізгі сағат 11-ге дейін 70 пайыз бағыттық көлік қызмет көрсеткен.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qstuy8t3Qr4[/youtube]
Салада қызмет көрсететін компаниялардың арасында көліктері жолға толығымен шыққандары да бар. Ол — «Галиев и К» компаниясының көліктері. Барлық жүргізушілер дәрігерге көрініп, қолдарына жолдама алған соң ғана көліктерін тізгіндеді. Бұл компанияның автобустары толығымен жаңартылған.