Таңертеңгі аязда автобустардың жартысы ғана жолға шықты

309

23-қаңтар күні таңертең сағат тоғызға дейін қоғамдық көліктердің тек 41 пайызы ғана жолға шықты. Негізінде мыңға жуық автобус жолаушыларға қызмет көрсету тиіс. Жауаптылар мұның себебін күннің суытуымен байланыстырып отыр.

003

Сондай-ақ, басым бөлігі GPS қондырғыларын толық орнатпауынан орын алған олқылық деп түсіндірді. Ал кеше күндізгі сағат 11-ге дейін 70 пайыз бағыттық көлік қызмет көрсеткен.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=qstuy8t3Qr4[/youtube]

Салада қызмет көрсететін компаниялардың арасында көліктері жолға толығымен шыққандары да бар. Ол — «Галиев и К» компаниясының көліктері. Барлық жүргізушілер дәрігерге көрініп, қолдарына жолдама алған соң ғана көліктерін тізгіндеді. Бұл компанияның автобустары толығымен жаңартылған.