«Халық банкі» АҚ ОҚО филиалының Желтоқсан көшесінде орналасқан бөлімшесі жабылып, басқа мекенжайға көшті. Қонаев даңғылындағы № 38 үйдің бірінші қабатына ауысқан бөлімше әзірге ресми ашылған жоқ. Дегенмен, соған қарамастан халыққа қызмет көрсетуде.
Бөлімшенің бірінші қабатында тұрғындар зейнетақылары мен түрлі мемлекеттік жәрдемақыларын алатын болса, екінші қабатында есеп-шот, депозиттер ашу және де өзге қызмет түрлері көрсетіледі. Айта кететін жайт, мұнда банкоматтар да жұмыс жасауда. Енді зейнеткерлер жергілікті биліктен аялдамаларды мүмкін болса осы бөлімшеге жақындатуды сұранып отыр.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=Yfq33MX5ijM[/youtube]