Заңсыз саудаға жол жоқ!

373

Шымкентте заңсыз саудаға жол жоқ. Жаңа заңнамаға сәйкес рұқсат етілмеген орындарда сауда жасаған кәсіпкерлер 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі көлемде айыппұл төлейді. Осынау заңнамалық өзгерісті түсіндіру үшін бүгін қалалық кәсіпкерлік бөлімі мен Әл Фараби полиция бөлімі арнайы рейд ұйымдастырды.

000

Ретсіз сауданы ауыздықтау үшін күш біріктірген топ таңертеңнен аудан аумағындағы заңсыз сауда нысандарын аралап шықты. Қырғы базардағы жайма базардан басталған рейдтік шара кезінде рұқсат етілмеген жерде сауда жасап отырған кәсіпкерлерге ескерту жасалып, әкімшілік хаттамалар толтырылды.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=juOKG44K7mU[/youtube]

Заңсыз саудамен күрес жүргізу үшін құрылған жұмысшы топ аптасына екі рет рейдке шығады. Айта кетейік, былтыр осындай шаралар кезінде ретсіз саудаға жол бергендерге 3200 әкімшілік хаттама толтырылып, олардан 4,5 миллион теңгенің айыппұлы өндірілген.