№4 облыстық перинаталдық орталықта жаңа жылдық мереке күндері 60 бала дүниеге келген. Жеті ұл бала, алты қыз 31-желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні ата-аналарын қуантқан.

002Қаңтардың 2-іне – 10 ұл, 8 қыз, 3-қаңтарда – 7 ұл, 7 қыз, ал 4 қаңтарда 6 ұл, 9 қыз дүние есігін ашыпты. Босанған аналар мен сәбилердің денсаулығы дәрігерлердің бақылауында. Орталықта күтім өте жақсы, барлық жағдай жасалған деп отыр аналар.