Жауапсыз әкелердің үштен бірі ғана алимент төлеген

308

Алименттен жалтарғандарға қарсы заң күшейгенмен, тас бауыр әкелердіѕ де қарасы азаяр емес. Өңір бойынша 2014 жылдың қорытындысына сәйкес соттармен алиментке қатысты 21 500 құжат қабылданса, оның 30 пайызы ғана нақты орындалған. Құзырлы орган өкілдерініѕ айтуынша, бауыр еті баласын асырауды жөн көрмеген әкелердіѕ басым бөлігі жұмыссыздықты сылтауратын көрінеді.

002

А есімді көп балалы ана бұрынғы күйеуінің арсыз қадамына өзі де ұялды. Сондықтан болса керек, түрін көрсетуден бас тартты. Азаматшаның айтуынша, ұзақ уақыт бойы отандасқан жары екі жыл бұрын өзгенің етегіне еріп, ұл-қызымен бірге тастап кеткен. Сол уақыттан бері тас бауыр әке алиментті төлемек түгілі бала-шағасын іздеп те келмепті. Пәтерді жалдап тұратын жалғыз басты ана үшін жанұсын асырау қиынға соғуда.

Кейбір тас бауыр әкелердің ісі сотқа дейін барады. Дегенмен, алименттен төлеуден жалтарғандардың үстінен, тіпті, қылмыстық іс қозғалғанымен, олар заңды пысқырмайтын секілді. Бауыр еті баласын асырауды жөн санамаған әкелердің айтатын түрлі сылтаулары да дайын.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=tMEGjWpfaUE[/youtube]

Өңір бойынша 2014 жылдың қорытындысына сәйкес сотта алимент бойынша 21446 іс қаралып, соның 673-і орындалған. Бұл дегеніміз — борышкерлердің 30 пайызынан ғана алимент өндірілді деген сөз. Құзырлы орган қызметкерлерінің айтуынша, алиментке қатысты заңды әлі де болса күшейту керек.

Әкелердің жауапсыздығынан түптеп келгенде туған баласы зардап шегеді. Онсыз да тірі жетім атанған балдырғандар киірге киім, ішерге тамақ таппай қиналады.