Қыс қаћарына енгелі Шымкентте қоғамдыќ көліктердің саны күрт төмендеді. 21-қаңтар күнгі аязда таңертең шаһар көшелеріне бағыттағы автобустардың бар болғаны 64 пайызы ғана шыққан. Ал күні кеше кешкісін қала әкімдігі жолаушылар тасымалымен айналысып жүрген автобустардың қызметін арнайы тексерген болатын.
Кешкісін көшеге шыққан мамандарда жалғыз ғана мақсат болды. Ол — жолаушыларға көрсетілетін қызметтің сапасын тексеру. Әсіресе, қар жауып, күн суытқанда шымкентік көлікшілердің көшеге шығуы қиындап кетеді. Нәтижесінде таңертең жұмысына, кешкісін үйіне жете алмайтын жерлестеріміз жапа шегуде.
Шымкентегі 32 көлік компаниясын тәртіпке шақырғалы аз уақыт өтпеді. Әкімдіктегілер өзінің қалтасының қамын жолаушы қауіпсіздігінен артық көретін онға тарта компанияны сотқа берген. Бұл жұмыс мұнымен шектелмейді дейді шенеуніктер.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=zAsnNp75u0E[/youtube]
Қаладағы бағытқа шығуы тиіс мыңнан астам автобустардың тек 70 пайызы ғана өздеріне жүктелген міндеттерін орындады. Сарышұнақ аяз тағы қысса, көлік саны бұдан да төмендемесіне ешкім кепілдік бере алмайды.