Жеделсатыға кім жауапты?

371

Шымкентте үйлердегі жеделсатылардың жағдайы да мәз емес. Әсіресе теміржол вокзалы маңындағы Қабанбай батыр көшесіндегі үш бірдей көпқабатты үйде лифт жұмыс істемейді.Соның салдарынан 20 жылдан бері үйдің үлкені де, кішісі де жоғарғы қабаттарға жаяу шығуға мәжбүр.

001

Шынында да мұндағы лифттің жағдайы адам шошырлықтай. Қараусыз қалған жеделсатының есіктері шіріп, құлауға шақ тұр. Ал жауапты мамандар жиырма жылдан бері істен шыққан лифттің жөндеу көрмегеніне тұрғындардың өзі кінәлі дейді. Олар тұрғын үйді жаңартудың мемлекеттік бағдарламасы жөніндегі ұсынысты қолдамапты.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=vskr1ep9Eik[/youtube]

Шымкентте 56 үйде лифт бар. Алайда олардың алпыс пайыздан астамы жарамсыз халде. Істен шыққан жеделсатыларды қайтадан қосу үшін, тұрғындар жаңарту бағдарламасының көмегіне ғана жүгіне алады. Ол үшін арнайы келісім-шартқа тұрып, ай сайын тиісті қаржысын төлеп тұруы тиіс екен. Төлемнің оның орташа сомасы әр отбасына 1500 теңгеге түседі. Мұны он жыл бойы төлеуі тиіс.

Жауаптылардан көмек осы ғана. Оны жүзеге асыру үшін тұрғындардың келісімі керек. Ал, әзірге, қандай да бір шешім қабылдағанша жоғары қабатқа жаяу шығуларына тура келеді.