Жеті жасар бала інісін тапаншамен атып жіберді

270
фото: //world.guns.ru

Шымкентте жаға ұстатар жағдай орын алды. Жеті жасар бала өзінің 5 жасар інісін тапаншамен атып жіберген. Бұл келеңсіз жағдай 7-қаңтар күні Коммунизм бөлімшесінде орын алған. Ең сорақысы — тапаншаны балалардың әкесі төсегінің астына қоя салып, бүлдіршіндерді қараусыз қалдырып кеткен.

фото: //world.guns.ru
фото: //world.guns.ru

Қали Бейсенбаев, Абай ауданы прокурорының көмекшісі: «Тексеру кезінде анықталғаны, М. есімді азаматтың өзінің айтуынша, 2014 жылдың желтоқсан айында «Оса» тапаншасын көшеден тауып алып, жатын бөлмесіндегі төсеніштің астына қоя салған. Қараусыз қалған балалар қаруды тауып алып, ойнайды. Сол кезде абайсызда 7 жасар бала 5 жасар інісінің бетінен атып жіберген.»

Қазіргі таңда бетінен жарақат алған бала Нұрсәттегі балалар ауруханасында жатыр. Дәрігерлер оның халі ауыр және тұрақты дейді.

Ал Абай полиция бөлімінде қаруды қалай болса солай сақтаған салақ әкенің үстінен іс қозғау қаралып жатыр. Жалпы, Абай ауданының прокурорлары өткен жылы қаруды сақтаудың ережесін өрескел бұзудың 100-ден астам фактісін әшкерелеріпті. Осы орайда құзырлы орган өкілдері тұрғындардан қару-жарақпен аса сақ болуды сұрайды.