Шымкенттің жаңадан ашылған төртінші ауданы әкімдігінің аппараты «Нұрсәт» шағынауданындағы Төлепбек Назарбеков көшесіндегі бірінші ғимаратқа орнықты.
Қаратау ауданының әкімі қазіргі таңда 6 маманды қызметке қабылдап, ұйымдастыру жұмыстарын бастап кетті. Жалпы, бұл жаңа ауданға 32 штаттық бірлік берілген, яғни осынша мемлекеттік қызметші жұмыс істейді деген сөз. Бүгінде аудан көлемі мен халық саны да белгілі болды.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=asKYXxuggps[/youtube]