Облыстық «Өнер» мұражайының құрылыс жұмыстары аяқталды. Көркемсурет галереясының ғимаратына қосымша тағы 3 зал қосылып, мұражай аясы кеңейді. Енді мұнда Қазақ хандығына — 550 жыл, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Аманат және халқымыздың тың өнері сынды төрт бірдей бөлім көпшілікке таныстырылмақ.
Қазіргі уақытта көрмеге 300-ге тарта бейнелеу өнерінің туындысы және қолөнер гобелендері қойылыпты. Айта кетейік, 8 айға созылған құрылыс жұмыстарына қазынадан 200 млн.-нан астам теңге жұмсалған. Және өнер мұражайы ақпанның 20-шы жұлдызында көпке есігін айқара ашады деп жоспарланып отыр.