«Арай-2015» байқауының іріктеу кезеңі аяқталды

388

Жас эстрада әншілерінің облыстық «Арай-2015» байқауының іріктеу шарасы өтті. Биыл 20-шы рет қолға алынған жарысқа 16-25 жас аралығындағы 70 өнерпаз қатысқан.

Ұйымдастырушалрдың сөзіне сенсек, жас таланттарға қойылатын талап жоғары. Яғни, арнайы өңделген әуеннің сүйемелдеуімен ғана өнер көрсетеді. Шарт бойынша, үміткер 1 патриоттық ән орындайды. Екінші кезеңде өз таңдауы бойынша еркін тақырыптағы шығарманы айтуға мүмкіндік берілген.

іріктеу шараға 70 жас өнерпаз қатысты

Айта кетейік, биыл «Арай-2015» байқауының өтуіне қазынадан 2 миллион теңге бөлінді. Өнер бәсекесінің ақсық сыны 20 ақпан күні өтеді деп жоспарланып отыр. Қазылар алқасының төрағасы — Ш.Қалдаяқов атындағы облыстық филармонияның директоры Ә.Нұрмағанбетов.

Нұрлан Әділханов, қазылар алқасының мүшесі: «Биылғы қатысушылардың талабы, деңгейі былтырғымен салыстырғанда жоғары. Ең алдымен дауысына, әуенге ілесуіне және сахналық киімдеріне баса назар аударамыз. Ақтық сынға 31 жас әнші жолдама алды».