«Асарда» жаңа балалар ауруханасы ашылды

458

Шымкентте 270 орынды қалалық балалар ауруханасы ашылды. Оның жұмыс барысымен алғашқы болып мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіхалықова танысты. Жаңа медициналық мекеме көп салалы балалар ауруханасы болып саналады.

006

Мұнда балаларға жоғары білікті мамандар қызмет көрсетеді. Аурухана ғимаратының жалпы алаңы — 24 мың шаршы метр, екі корпусы бар. «А» корпусында хирургия бөлімшесі мен операциялық блок орналасқан. Ал «Б» корпусында басқа құрылымдық бөлімшелер жайғасқан.

Қабылдау бөлмесіндегі жарақат пункті, шұғыл травматологиялық шағын операциялық бөлме, қарқынды терапиялық емдеу палаталары қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған. Заманауи үлгідегі 477 құралғы бар. Оның тең жартысы — отандық өнім. Ауруханада 15 жасқа дейінгі 10 мыңнан астам жеткіншек стационарлық ем ала алады.