Шымкентте қоғамдық көліктердің басым бөлігі газбен жүре бастады. Дегенмен, экологиялық тұрғыдан тиімді көліктерге де сенімсіздік танытып, күмәнмен қарайтандар бар.
Алайда «Green Bus» компаниясының басшылығы көпшіліктің көкейіндегі күдікті сейілткісі келеді. Олардың айтуларынша, барлық жүргізушілер арнайы курстан өтеді.
Дәріс химия пәнінен басталады. Онымен қоса мұнда жүргізушілер қауіпсіздік шараларын меңгеріп шығады. Нұсқаушы курстың өтуін қатаң қадағалайды. Сынақтан өтпеген жүргізуші куәлік ала алмайды.
Оқытушылар сұйық отынның бұл түрін (газ — ред.) барлық бензин түрлерінен қауіпсіз деп отыр. Дегенмен, жүргізушілер қандай жағдайда да тиісті қауіпсіздік шараларын сақтауы тиіс.