10 ақпан күні Шымкентте Темірлан тас жолы бойында жол көлік оқиғасы тіркелді. Бағыттағы қоғамдық көлік күре жолдың жиегіндегі электр жарығы бағанасына соқтығысты. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=O3YGJmrVhIQ[/youtube]
Өйткені көлікте жолаушылар болмаған. Шақыртуға шұғыл жеткен жедел медициналық жәрдем бригадасының мамандары жүргізушіні тексеріп, денсаулығына зақым келмегенін растады. Оқиға орын алған жерге жеткен жол полицейлері қазір мән-жайды анықтауда. Оның нәтижесі бойынша кінәлі жақ шығынды өтейтін болады.