Оңтүстік Қазақстанда өткен жылы «Балапан» бағдарламасы аясында мектепке дейінгі 160 ұйым ашылған. Нәтижесінде бүлдіршіндерді қамту көрсеткіші 67,2 пайыздан 76,8 пайызға өскен. Өңірде 115 білім нысаны салынп, соның 41-і іске қосылған.
Аудан бюджеттері есебінен қосымша 13 ғимарат пайдалануға берілген. 135 нысан күрделі жөндеуден өткен. Денсаулық сақтау саласында 68 нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 64-і іске қосылған. 32 науқасқа бүйрек алмастыру операциясы жасалып, аймақтар арасында алғаш рет бауыр алмастыру отасы сәтті өткен. Жүргізіліп жатқан шаралардың нәтижесінде жалпы өлім көрсеткіші 5,5-пайыздан 5,1-пайызға төмендеген.
Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі