Басқармалар көші жалғасып жатыр

255
Қаржы басқармасының басшысы жаңа кабинетімен таныстырды

Жаңа іскерлік орталыққа облыстық басқармалар көшіп жатыр. Ең бірінші болып жайғасқандардың бірі — қаржы басқармасы. 16 қабатты ғимараттың сегізінші қабатын иемденген басқарма қызметкерлерінде абыржу жоқ — жұмыс қызу жүріп жатыр. Басқарма басшысы жаңа қоныстарымен өзі таныстырды. Жеке кабинеті, орынбасарлары мен өзге де мамандарының жайғасқан орындарын көрсетті. Жарық әрі ығайлы, ең бастысы, заманауи үлгідегі ғимаратта жаңа қарқынмен жұмыс жасап жатқандарын айтады.

сегізінші қабатта қаржы басқармасы орналасқан
Сегізінші қабатта қаржы басқармасы орналасқан
Қаржы басқармасының басшысы жаңа кабинетімен таныстырды
Қаржы басқармасының басшысы жаңа кабинетімен таныстырды

Роза Исаева, ОҚО қаржы басқармасының басшысы: «Біз бірінші болып көштік. Қоныс ауыстыру жұмыс тәртібіне еш кедергісін келтірген жоқ. Сенбі, жексенбі күндері көшіп келдік. Қазір жайғасып алып, жаңа қарқынмен жұмыс жасап жатырмыз. Өте қуаныштымыз, мұнда барлық кабинеттер стандартқа сай жасалған».

кадр бөлмесі

Айта өтейік, облыстың әкімдікке қарасты он басқарма дәл осы іскерлік орталыққа жайғасып жатыр. Бүгінгі таңда құрылыс басқармасы, энергетика және ТҮКШ, сондай-ақ, білім, жастар ісі және тілдерді дамыту басқармасы қоныстанып жатыр. Осы аптаның аяғына дейін көшу аяқталады деп күтілуде. Айтпақшы, 16-қабатта орналасқан баспасөз залы да соңғы үлгіде жабдықталған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=almoeVoMwMk[/youtube]

Ғимаратқа жылу жүйесі қосылған. Телефон жүйелері тартылған. Интернет бар. Осылайша облыстық әкімдіктің мамандары бір жерге жиналды. Ал ресми ашылу турасында әлі мәлімет жоқ. Бейресми ақпаратқа сенсек өңір басшысы жаңа қонысқа әлі ауыспаған.