Бас жоспарға байланысты қоғамдық тыңдау өтті

303

vlcsnap-2015-02-27-18h41m56s234Бүгін қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімінде қаланың бас жоспарын іске асыру мақсатында нақты жоспарлау жұмыстары талқыланды. Әкімшілік іскерлік орталығының және Алтын-төбе, Бадам-1, Таскен тұрғын үй алабтарына тиесілі егжей-тегжейлі жұмыстар қоғамдық талқыға салынды. Алматылық «Градо» фирмасы өкілдерінің жобалары тыңдалды. Мамандар бас жоспарды іске асыруда қала көшелеріндегі жол-көлік қозғалысына мән беріп отыр. Онымен қоса, сәулетшілер мемлекет мұқтаждығына жекелеген тұрғындардың мүліктері сүрілуі мүмкін екенін де алға тартады.