Шымкенттегі Қазақстан Республикасы ішкі істер министрлігінің Бауыржан Момышұлы атындағы оқу орталығының бітіруші 128 тыңдаушы сертификатқа ие болды. Салтанатты шарада арнайы құжатқа ие болған түлектер енді еліміз бойынша ішкі істер органында қызмет ететін болады.

002

Бұл курсант жастар бұған дейін әскерде борыштарын өтеп, тәжірбиелерін шыңдаған болатын. Сертификатқа ие болған азаматтар арнайы бастапқы оқу курсынан өтті. Дәріс барысында тыңдаушыға мемлекетіміздегі тәртіпті сақтаудағы құқық қорғау қызметкерлерінің маңызы кеңінен түсіндірілді.

001

Бұл арнайы бастапқы оқу курсына Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған әскери оқу орнының түліктері қатысқан. Оқу жылының соңына дейін мұнда дәріс алып жүрген өзге де болашақ полицейлерге арнайы сертификаттар табысталмақ.