Былтырғы салық артығымен жиналды

637

Өткен жылғы дағдарыс Қазақстан экономикасына да өз септігін тигізді. Мұны мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары да растап отыр. Осыған қарамастан мемлекеттік бюджеттің болжамды жоспары 100 пайызға орындалған.

Бұл туралы облыстық мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Еркін Елшібеков мәлімдеді. Сандарды сөйлетсек, былтыр облыстық бюджет 100 пайызға орындалған. Яғни жоспарланған 219 млрд. 474 млн. теңгенің орнына 220 млрд. 124 млн теңге құйылыпты.

Еркін Елшібеков, облыстық мемлекетік кірістер департаменті директорының орынбасары: «Жергілікті бюджетке 75 млрд. 775 млн. теңгенің орнына 78 млрд. 774 млн. теңге түсіп, жоспар 104 пайызға орындалды. Мемлекет басшысы айтып отырғандай, биыл да экономикалық ахуал ауыр болады. Сондықтан шығыстар қысқартылды. Десе де, кірістерді былтырғы көрсеткіште ұстап тұруға жұмыс жасаймыз».

Бұл — қажырлы еңбек пен салық саласының жаңа реформасы арқылы жүзеге асқан көрсеткіш. Былтыр бірінші шілдеден бастап есеп-қисаптың барлығы электронды түрде жүзеге асып келеді. Ол үшін есеп-фактурасын жазушы ретінде тіркелу керек. Қызметтің бұл түрінің операторы болып қазынашылық комитеті болып табылады. Бұл электронды есептесу кәсіпкердің уақытын үнемдеп, тауарының дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етеді.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=7OuUEfZUHiw[/youtube]

Сондай-ақ, алкогольді өнімдері сатуда бірқатар өзгерістер енгізілген. Мысалы, бұрын бір ғана лицензиямен шектеліп келген кәсіпкерлер енді жыл сайын арнайы салық төлейтін болды. Бұл заңмен қадағаланады. Осының нәтижесінде мемлекеттік кіріс ұлғайып, бюджеттің бүйірі томпия бастаған.