Былтыр Оңтүстіктегі орман шаруашылығында 7 өрт оқиғасы орын алған. Бұл туралы облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясында өткен кеңейтілген кеңесте мәлім болды.

Айта кетейік, орын алған оқыс оқиғалар алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 фактіге аз. Алайда, жайсыз жәйттердің себеп-салдары көп жағдайда анықтала бермейді дейді мамандар.

орманТілсіз жаудың басым бөлігі облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты мекемелерде орын алған. Ал бір оқиға республикалық маңызы ерекше қорғалатын табиғи орманда болған.

Көп жағдайда оқыс оқиғалардың себеп-салдарын анықтау мүмкін бола бермейді. Өйткені жайсыз ақпарат құзырлы орындарға дер кезінде жеткізілмейді.

Былтыр орман қоры жерлерін пайдаланатын шаруа қожалықтары мен кооперативтерге өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау туралы 1500-ден аса ескертпе беріліп, 21 азаматқа әкімшілік шара қолданған. Нәтижесінде 260 мың теңге айыппұл өндірілді.

Айта кетейік, орман өрттерінің алдын алу мақсатында жұмсалған қаражат жыл сайын артып келеді. Алайда сала мамандары әлі де техника мен маман жетіспеушілігін алға тартады.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=34DGG72DJvI[/youtube]

Үстіміздегі жылдың 20 ақпанынан бастап өрт қаупі бар маусымға дайындық айлығы басталады. Осы тұста келеңсіз оқиғалардың 90 пайызы халықтың орман-тоғайда болу кезінде қарапайым қауіпсіздік ережесін сақтамауынан орын алатынын айта кету керек.