Санитарлық талапты сақтамаған үшін облыстық туберкулезге қарсы диспансер мамандары айып төледі. Бұл туралы Еңбекші аудандық тұтынушылардың құқығын қорғау басқармасының бас қызметкері Айгүл Тұрымбетова мәлім етті.
Оның айтуынша, әкімішілік айыппұлға диспансердің 13 басқарушы қызметкері тартылған. Олардың қатарында, бас дәрігер де бар.
Салынған айыппұлдың жалпы соммасы 374 мың 104 теңге. Қазіргі таңда бұл айыппұлдардың барлығы өндірілген.