Шымкентте 6 ақпанға қараған түні қорғасын зауыты тұсында ер кісіні пойыз қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында мерт болған. Алматы-Ақтөбе бағытындағы Тальго пойызының астына түскен кісінің жасы 40-45-тер шамасында.
Жыл басынан бері елімізде шойын жолдан өтемін деп ажал құшқандардың саны 9-ға жеткен. Бес факті біздің облыста тіркелген. Қаңтар айында Шымкентте 3 адамды пойыз қағып қаза болса, арыстық бір адам аяғынан айрылды. Қазіргі таңда Шымкент қалалық желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті.