Полицейлер соңғы бес күнде қара базарда құны 25 миллион теңге тұратын 5 келі героин тапты. Шұғыл жұмыс нәтижесінде тјртіп сақшылары алдымен жергілікті тұрғынды ұстаса, бұдан соң 40 жастағы жұмыссыз азаматшаны құрықтады. 3 балалы әйелді тінту кезінде оның үйінен полиэтилен пакетке салынған 2 келі героин табылған.
Ірі көлемдегі героин сақтаған тағы бір күдіктіні құқық қорғаушылар Новой көшесінде ұстады. Оның сырт киімінің қалтасынан пакетке оралған 3 келі гороин табылды. Қазір күдіктілер уақытша тергеу изоляторына қамалды.