Сіздің үйіңізде отбасылық фотолар жинақтала ма? Альбомдағы суреттерді жиі ақтарасыз ба? Көріп отырып, әттті сезімге бөленетініңіз рас қой?!
Фотосуреттер жинақталған альбомды ақтарып отырып, жастық шақтағы қызықты оқиғалар оралады ойға еріксіз. Тәтті кезеңдер! Бақытты балалық шақ! Әріптестер арасында… Әр суреттің өз сыры, тарихы бар. Ақтарып отырыпы, осылай тақырыптар табыла береді. Сенбейсіз бе, ақтарып көріңізші…
Мен отбасылық альбомдарды жиі ақтарамын. Ата-анамның суреті оттай басылады ондайда. Бір жасар кезім… екі жасар кезім… «Біздің қыз 3- ке толған кезі…» деп жазылған марқұм әкемнің маржандай жазуы… сосын, оқушы кезім, студенттік шағым… Бәрі-бәрі сағынышқа толы әдемі кезеңдер. Сыйлайтын әсерін айтсаңызшы…
Осы бір әдетімнен жақсы хабардар әріптесім «Рабат» газетінің бас редакторы Фарида Анасқызы Шарафутдинова жақында әкесінің бір топ суреттерін әкеп көрсетті.
— Марқұм әкемнің түсірген суреттері. Жақында қолжазбалары жинақталған қорапты ақтарып отырып тауып алдым. Мұндай суреттері өте көп. Кімдер екенін білмеймін. Бәлкім сіздердің оқырмандарыңыз арасында суреттегі азаматтардың кім екенін танитындар табылып қалар,-дейді әдеттегі елгезек мінзімен.
Осылайша ескі суреттерге «жан бітіргеніміз» абзал шығар…» деп ұсыныс айтты. Біз құп көрдік.
Фарида апайымыздың әкесі марқұм-Анас Утяганов кезінде «Сельская жизнь» (УК КПСС) газетінің біздің өңіріміздегі меншікті тілшісі болған. Қызының айтуынша Анас Утягановтың бұдан басқа да мол мұрасы бар көрінеді. Тек сурет қайауылда түсірілгені, суреттегі өнерпаздар кім екені туралы жазба сақталмапты.
«Кей суреттеріне «Қожатоғай ауылында» деген жазбалар қалдырған…» дейді.
Қысқасы, мына суреттерге бажайлап қарап көріңізші, кімді танисыз? Мағұлмат беріп жатсаңыз қуаныштымыз!