Облыс әкімдігіне қарасты кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының кәсіпкерлік мектебі 13 612 кәсіпкерді оқытса, былтыр 3 399 кәсіпкер оқыту курсын нәтижелі аяқтап, сертификат иеленген. Оның ішінде 2 218 адам бастауыш кәсіпкер болса, 462-сі — әрекеттегі кәсіпкерлер, 719 жас бар.

10922705_306479076189091_7895434276159450047_n

Оқу курстарынан соң 640 азамат жалпы құны 1,7 млрд. теңге болатын жаңа бизнес жобаларды іске асырды. Соның нәтижесінде 400-ден астам жаңа жұмыс орындары ашылған. Кәсіпкерлік мектебі облысымыздың барлық аудан қалаларында өз ісін ашамын дейтін азаматтарға кәсіпкерліктің алғашқы дайындық курсын және арнайы семинар-тренигтер, сонымен қатар әрекеттегі кәсіпорындар мен шаруа қожалықтары базасында тәжірибелік мастер класстар өткізіп, кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуде.

Биыл кәсіпкерлік мектебі елімізде алғаш рет жаңадан бірнеше жобаны іске қосып отыр. Оның ішінде жастарға арналған арнайы «Өркен» жобасы бар. Бұл — өз ісін ашамын дейтін 18-29 жас аралығындағы жастар, оқу орындарының бітіруші курс студенттеріне арналған бағдарлама.

Келесі жоба «Сәтті бастама» деп аталады. Жоба бастауыш кәсіпкерлер үшін, оның ішінде өз ісін ашамын дейтін жұмыссыздар, жұмыспен өз бетінше қамтылғандар және жеке тұлғаларға бағытталған.

Биылдың тағы бір жаңа жобасы — «Өрлеу» бағдарламасы. Бұл жобада жекелеген қысқа мерзімді тақырыптық тренигтер, семинарлар, тәжірибелік-далалық шеберілк сабақтары өткізіліп тұрады. Бұл оқытуларға шағын және орта бизнес субъектілерінің басшылары мен қызметкерлері, белсенді кәсіпкерлер және шаруалар қатысады.

Бүгінде кәсіпкерлік мектебінде 32 сағаттық тегін оқыту курсы басталды. «Өркен» және «Сәтті бастама» бағдарламасы бойынша 98 адам оқыту курсын аяқтап, сертификат алғалы отыр. Оның ішінде 60-қа жуығы – жастар.

Тренинг аясында жастар бастапқы капиталсыз бизнесті бастаудағы мүмкіндіктер мен бизнес-жоспарды қалай дайындаудын, салық салу есептілігі мен бизнестің құқықтық аспектілерін үйреніп шықты.

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының бапасөз қызметі