"Көктем аруы-2015" байқауының қатысушылары

Дәстүрге айналған сайысқа ақылына көркі сай 18 қыз іріктеуге келген. Әрине, оның жартысы  ғана ақтық мәреге жолдама алады. Аздаған уақыттың аралығында қыздар байқауға толықтай дайын болулары шарт. Финалдық бәсеке 3 кезеңнен құралған: таныстыру, өз өнерін көрсету сондай-ақ, дефиле.

"Көктем аруы-2015" байқауының қатысушылары
«Көктем аруы-2015» байқауының қатысушылары

Шараның басты мақсаты қыздар арасындағы жойылып бара жатқан инабаттылық, ибалылық, сұлулық қасиеттерді насихаттау. Қолынан өнері тамған, жүзінен шуақ шашқан қыздардың ақтық бәсекесін 5-ші наурыз күні қала жұртшылығы тамашалай алады.