Күтушісі соққыға жыққан бүлдіршін қаза тапты

231
фото: //tvc.ru

Шымкент қаласының ауруханасында ес-түссіз жатқан 4 жасар қыз көз жұмды. Бүлдіршін, алдын ала болжам бойынша, күтуші әйелдің соққыға жығуы салдарынан ауыр жарақат алған болатын.

Абай ауданы прокурорының орынбасары Ермек Әйтімовтың мәлімдеуінше, сәби есін жимаған күйі мерт болыпты. Сараптама жас қыздың миына қан құйылғанын анықтап берген.

Айта кетейік, балғындарға зәбір көрсеткен келіншек уақытша қамауға алынған болатын. Абай аудандық прокурорының аға көмекшісі Ізбасар Дәуренбаев ол келіншектің емізулі баласының бары ескеріліп, кепілдікпен босатылғанын айтады. Қазір оған қатысты сот-психиатриалық сараптама тағайындалған.

Процессуалдық тексерулерден кейін іс сотқа жолданады. Қасақана дене жарақатын салғаны үшін күдікті 8 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.