Кәсіпкерлер көк қағаздың құнына алаңдаулы. Өйткені соңғы аптада доллардың бағамы құбылып тұр. Қазан айынан бастап екінші деңгейлі банктер кәсіпкерлік мақсатында берілетін несилерді доллармен үлестіріп келеді.
Өз ресурстарымызды жоспарлай алмай отырмыз деп шағынған іскерлер Кәсіпкерлер палатасына жиналды. Банк өкілдерінің алдына осы түйткілді көлденең тартты.
Бір қарағанда, мемлекет тарапынан отандық бизнеске көзқарас оң. Мемлекеттік қолдаулардың түрі көп. Ал қаржылық қолдауға келгенде банк шарттары қысқа жіп байлауға келмейді, байлауға келсе де күрмеуге келмейдінің керін киіп тұр.
Несие алудағы бұл кедергіні жоюға кәсіпкерлер мен банк арасына алтын көпір орнатуды көздейтін Кәсіпкерлер палатасының өкілдері де мүдделі. Қаржылық дағдарыс алдында банкирлерден кәсіпкерлерге қол ұшын созуды ұсынған Палата мамандарының ұсынысы да ескерілсе игі.
Бұл, әрине, облыс деңгейінде шешілетін шаруа емес. Палата өкілдері жиында талқыланған мәселеге билік өкілдерінің назарын аудармақ.