Кестеден себепсіз кешіккен жолаушы тасымалдаушылардың ісі сотқа жолданады

247

Шымкентте өздерінің кестелерінде белгіленген уақытқа дейін себепсіз жүрмеген автобустармен жасалған келісім-шартты бұзу үшін іс сотқа жолданады. Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Наурыз Сүгірәлиев осылай дейді. Бұл туралы Bnews.kz порталы жазады.

016

Маманның айтуынша, қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қоғамдық көліктердің кесте уақытымен жүруі, тәртіпті сақтау бойынша жиі рейд ұйымдастырады.

«Жақында қалаға 200 жаңа автобус әкелінді. Олар қазір №74, 135 бағыттарда жүріп жатыр. Сол себепті автобус жүргізушілері және кондукторларға қатысты тәртіп қатаңдатылды. Аудан, қала әкімдерінің есебінде тұрғындар тарапынан қоғамдық көліктерге қатысты шағымдар айтылды. Бұл да бақылаудың күшеюіне сеп болды» дейді сектор меңгерушісі.

Шымкентте жүргізушілер кесте бойынша тұрғындарды сағат 21:00, кейбірі 21.30-ға дейін тасымалдауы тиіс. Қазіргі таңда себепсіз жүрмеген автобустардың келісім-шарттарын бұзуға сотқа талап арыз берілді. Осыған орай біраз бағытта жағдай түзелген дейді маман.