Мүмкіндігі шектеулі жастар арасында грант байқауы жарияланды

320

«Ержан Тәтішев қоры» қоғамдық қоры мүгедектігі бар жастар арасында 2015 жылғы білім гранттары байқауын жариялайды. Аталмыш қор жыл сайын мүмкіндігі шектеулі және қаржылай қолдауды қажетсінетін жастарға білім беру гранттарын тағайындап келеді.

Бұл гранттар жоғары сапалы білімі алуға, жоғары және мамандыққа ие болуға ниеттенген дарынды балаларға байқау өткізу арқылы жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаға қатысу үшін Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы арнайы-орта оқу орындарында білім алуға ниеттенген мүгедектігі бар жастар шақырылады.

Бағдарламаға тек Қазақстанның азаматтары ғана қатыса алады. Байқауға қатысу үшін құжаттарды тапсырудың соңғы күні – 2015 жылдың 10 сәуір күні, сағат 17:00 дейін (Алматы уақыты бойынша).

Байқаудың шарттары, өтінім формасын, қажетті құжаттар тізімін, сонымен қатар қайырымдылық бағдарлама жөнінде толығырақ ақпараттарды қордың сайтынан қараңыз:

http://kaz.tatishevfoundation.kz/programs/blagotvoritelnost/obrazovatel_nye_granty_dlya_invalidov

Өтінім формасы мен барлық тіркеме құжаттарды «Қайырымдылық грант» деген ескертпемен белгілеп, қордың мекенжайына немесе төмендегі мекенжайға өткізу қажет:

Қазақстан Республикасы
050026, Алматы қаласы, Байзаков көшесі, № 125 үй,
Әйтеке би көш. қиылысы, 335-кеңсе

Барлық сұрақтар бойынша мына байланыс телефондарына хабарласуға болады:
Тел./Факс: +7 (727) 390 26 07
Тел: +7 (727) 391 07 18
E-mail: foundation@tatishevfoundation.kz
www.tatishevfoundation.kz

«Ержан Тәтішев» қоры 2005 жылдың 10 ақпанында «Тұран Әлем Банкі» топ менеджерлерінің мұрындық болуымен тіркелген. Қор үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қор өзінің миссиясына орай халықаралық деңгейдегі жоғары мамандырылған қаржылық элитаны қалыптастыру жолымен Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуына ықпал етеді.

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, 050026

Тел: +7 (727) 390 26 07, 391 07 18
Байзақов көшесі, № 125 үй, Бизнес орталығы, 335-кеңсе

Факс: +7 (727) 390 26 07

www.tatishevfoundation.kz е-mail: foundation@tatishevfoundation.kz