Мамандар: «Биыл Оңтүстікте су тасқыны болмайды»

1015
Көксарай" су реттегішіні

Биыл Орта Азиядағы таулы аймақтарға қар былтырғымен салыстығанда анағұрлым мол жауды. Сондықтан мамандар күн жылысымен қар еріп, соңы Сырдарияның арнасынан тасу қаупі бар екенін жасырмайды. Жақын маңдағы ауыл-аймақ зардап шекпеуі үшін Көксарай су реттегіші салынған.

Көксарай" су реттегішіні
Көксарай» су реттегіші

Қазіргі уақытта Алатау мен Памир таулары шыңдарында қалың мұз жатыр. Мамандардың айтуынша, бұл мәселе таудан төмен молсу ағатынын көрсетеді. Ертеректе Сырдарияның суын ирригациялық-энергетикалық жүйеде қолданысқа енгізген. Яғни қыстыгүні Тоқтағұл су қоймасында жинаса, жазда егін алқаптарында, шаруашылықта қолданған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=J8icamES5Wc[/youtube]

Уақыт өте келе бұл жүйе қалыс қалған. Энергия жетіспеушілігінен Қырғызстан мемлекеті жерге қар түсісімен суды Қазақстанға ағыза бастады. Анығырақ айтсақ, ағын су Шардара су қоймасын толтырып тастайтын, тіпті арнасына сыймай ағатын кездері де болған.

Соның салдарынан Оңтүстік Қазақстан мен Қызылордадағы 400 мыңнан аса тұрғыны бар елдімекендер су астында қалып қойған еді.  Енді төтенше жағдайдың алдын алу үшін «Көксарай» су реттегіші іске қосылды.

813

Құрманбек Ромашов, «Көксарай» су реттегішінің бастығы: «Қазіргі таңда «Көксарай» су реттегішінің барлық гидротехникалық құрылымдары дұрыс істеп тұр. Шардара су қоймасынан келіп жатқан су мөлшері — 700 текше метр. Соның 400-ін біз Аралды толтыруға жіберіп, 300-ін өзімізге қабылдап жатырмыз».

Қазір еліміздегі Шардара су қоймасына Өзбекстаннан да су құйылады. Секундына 770 текше метр. Ал бүгінде Шардара су қоймасындағы су көлемін бақылап отырған «Қазгидромет» орталығының мамандары әзірге тілсіз жаудан қорқыныш жоқ деп сендірді.

Шоқан Махал, «Қазгидромет» ОҚОФ гидрология бөлімінің басшысы: «Шардара су қоймасының бүгінгі күнгі көлемі — 3 миллард текше. Негізгі оның максималды көлемі — 4 млрд. 700 млн.-ға жетеді. Сондықтан әлі толық емес, ешқандай қауіп жоқ деп ойлаймын. Және Шардара су қоймасынан төмен қарай секундына 695 шаршы метр су жіберіліп жатыр. Ол судың 400 текшесі «Көксарай» су реттегішіне құйылуда».

Мамандар қазіргі уақытта Оңтүстікте Шардарадан төмен қарай мұздық құбылыс жоқ деп отыр. Тек Арыс өзенінің маңында ғана аздаған мұз қатыпты. Демек, күн жылынса да күнгейде су тасқыны орын алмайды деп болжап отыр.