Жергілікті мемлекеттік кірістер басқармаларында біріңғай кеңес беру күні ұйымдастырылуда. Бұл шараға басқарманың 19 бөлімшесіндегі білікті мамандарынан бастап, басқарма басшылары жұмылдырылған.
Кеңес беру күндері халыққа салықтық заңнамалар егжей-тегжейлі түсіндірілетін болады. Азаматтардың құқықтық білімін арттыру маңызы зор дейді мамандар.
Салықшылар мұндай шараларды әр бейсенбі таңғы сағат 9-дан кешкі сағат 18/00 аралығында ұйымдастырып отырады.Шара жыл аяғына дейін жалғасады.