Назарбаев зияткерлік мектебінде «Қазақтың 100 әні» байқауы екінші рет өтіп жатыр

1250
Байқауға 9 жұп қатысты
Байқауға 9 жұп қатысты

«Қазақтың 100 әні». Осындай тақырыппен Шымкенттегі физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінде байқау өтті. Білім ұясының оқушылармен қосылып олардың ата-аналары, серіктестері, ұстаздар қауымы өнерлерін паш етті.

Сахнаға Абай Құнанбаев, Илья Жақанов, Нұрғиса Тілендиев және Ескендір Хасанғалиевтің шығармаларын орындауға 9 жұп шықты. Екінші рет ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты — өскелең ұрпақтың бойына ұлт жандылықты сіңіру.

Байқауға 9 жұп қатысты
Байқауға 9 жұп қатысты

Қаракөз Әбдірахманова, физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің директоры: «Қазақтың 100 әні» бақауы — бір күндік шара емес. Жүйелі түрде жүреді. Бүгін байқаудың алғашқы кезеңі. Біздің оқушылар — Қазақстанның болашағы. Олар — болашақ дәрігер, ғалым, ұстаз, ұлттың болашағы. Сондықтан әрбір оқушының бойына ұлттық құндылықты сіңіруі қажет. Ұлтжанды азаматтар ғана елі үшін аянбайды.»