Оқушыларды кім тамақтандырады?

236

Бүгін Шымкент қаласындағы мектеп оқушыларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік сатып алу конкурсы басталды. Қалалық білім бөлімі биыл әлеуметтік әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан 8 мың 80 балаға бір жолғы ыстық тамақ беретін болады.

002

Бюджеттен оқушылардың ас-ауқатына 219 миллион теңге қаражат бөлінген. Ұзын-саны 119 мектептегі асхананы жалға алуға ниетті 219 кәсіпкер құжаттарын тапсырған.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=FRvIkddj0sM[/youtube]

Қазіргі таңда құрамында тұтынушылардың құқығын қорғау басқармалары, «Нұр Отан» партиясының өкілдері және депутаттар бар комиссия жұмыс жасап жатыр.