Мектеп оқушылары ғаламдық проблемаларды шешуде өз үлестерін қоспақ. Химия -биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары еліміздегі су тапшылығы, экологиялық жағдайды шешуде тиімді жолдарын ұсынды. Олар бұл проблемаларды шешуде шет елдердің тәжірибесіндегі әрекеттермен салыстыра отырып, жүзеге асыру керектігін жеткізді. Сондай-ақ еліміздің тазалығын сақтауда қоқыстарды қайта өңдеу ісін жолға қою керектігін айтты.
«Әдет-ғұрып және салт-дәстүр» орталығының ұйымдастыруымен өткен «Нұрлы жол- болашаққа бастар жол» атты интеллектуалды сайысқа қатысқан 5 топ мүшелерінің мақсаты осы. Қатысушылар мектеп оқушылар арасында ғаламторға тәуелдіктен құтылудың жолдарын іздестірді. Дәрігерлер алаңдап отырған ғаламторға тәуелділік оқушылардың сабақ үлгеріміне, ойлау жүйесін дамытуға кері әсерін тигізтініне тоқталды. Ал оның орнына кітап оқып, мәдени орындарды аралап, рухани баюдың тиімділігін тілге тиек етті.
Гүлшат Жақанқызы- әдіскер: «Біздің бұл шараны өткізуде мақсатымыз — жастардың назарын экологиялық мәселелерге, ғаламдық, еліміздегі өзекті проблемаларға аудары. Осындай пікір сайыстар арқылы өздерінің бұл мәселелерге қатысты өз ұсыныстарын, тың идеяларын білдірсе екен дейміз. Сонымен қатар оны шешуде белсенді қатысса екен дейміз».
Топтардың өздерін таныстыру, «Зейінділік», «Нұрлы жол-менің жолым», «Тапқырлық», «Қонақкәде» сынды кезеңдерден өту барысында өзара пікір талас тудырған мәселенің бірі — жастар арасындағы жұмыссыздық. Сондай-ақ, оқушылар бірауыздан жастар арасындағы жұмыссыздықты жою үшін мамандық таңдауда қателеспеу керек деп шешті.