Облыстық туберкулезге қарсы дипансердің орналасуы санитарлық талапқа сай емес. Медициналық мекеменің жұмысын тексеріп шыққан тұтынушылар құқығын қорғау департаменті мамандары осылай деп отыр.
Диспансерден шыққан қалдық су кәріз жүйесі арқылы орталық су жүйесіне жіберілетіні өз алдына. Мұнда, тіпті, жұқпалы дертпен ауыратын науқастар серуендейтін арнайы алаң да қарастырылмаған. Қоршаулар да талапқа сай емес. Қауіпсіздік үшін қоршаулардың биіктігі 2,5 метр болуы керек.
Естеріңізге салайық, жуырда ауданаралық мамандандырылған экономикалық соты облыстық туберкулезге қарсы диспансердің қызметін тоқтату туралы шешім шығарған болатын. Құзырлы құжатқа сәйкес, мамандандырылған нысандардың ерекшелігі ескеріліп, барлық диспансерлер қала маңындағы елдімекендерге көшірілуі тиіс.