Полиция қызметкерлерінің есебі басталды

696

Бүгіннен бастап тәртіп сақшыларының халық алдындағы есебі басталды. Бірінші болып Абай полиция бөлімі басшысының орынбасары Төлеген Доланов есептік кездесу өткізді. Оның мәлімдеуінше, 2014 жылы ауданда 6701 қылмыс фактісі тіркелген.

002
Төлеген Доланов 

Бұл 2013 жылға қарағанда 20%-ға жоғары. Қылмысты ашу деңгейі 53%-ды құрап отыр. Сонымен қатар Іздеуде жүрген 190 азаматтың 148-і ұсталыпты. Ал іс-түзсіз кеткен 48 адамның 37-і табылды. Полиция бөлімі қарауында 19 учаскелік бекет пен 87 учаскелік полиция қызметкері бар. Бір жылдың ішінде 20 миллион теңгенің айыппұлына қатысты 8186 хаттама толтырылған. Сонымен қатар 12 кісі өлімі тіркеліп, 11-і ашылды.