Прокурорлар жұмыспен қамтудағы былықтарды анықтады

167

Мемлекеттік бағдарламалардың орындалуында олқылықтар көп. Былтыр «Жұмыспен қамту — 2020 жол картасы» бағдарламасын іске асыруда бірқатар кемшіліктер орын алған. Бұл былықты облыстық прокуратура қызметкерлері анықтап отыр.

002

Баспасөз жиынында қадағалау органы қызметкерлері осы анықталған заң бұзушылықтар бойынша 19 қылмыстық іс қозғалып, 17 лауазым иесі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Өткен жылы «Дипломмен — ауылға» мемлекеттік жобасының жүзеге асырылуы да жіті тексерілді. Соның нәтижесінде 43 жағдайда қатысушылармен түзілген келісім-шарттардың талаптары бұзылғаны анықталды. Қадағалау органы қызметкерлерінің араласуымен 4 миллион теңге мемлекетке қайтарылды.