Сайрам ауданында жұмыс істейтін кабель зауыты бүгінде 40 шақты жергілікті тұрғынды еңбекпен қамтып отыр. Мұнда күн сайын алюминийден және мыстан жүздеген шақырым кабельдік-желілік өнімдер шығарылады. Тауар түрлері жүзден асады.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=GpiyjtYVeR8[/youtube]
Сымдар тартылып, қысымның көмегімен 2 мм-ге дейін жұқарады. Өңделген орамдар цехқа жөнелтіледі. Мұнда кабельдер клиенттің тапсырысына қарай өңделіп, арнайы орамамен қапталады.
Дайын кабельдердің бір метрі 35 теңгеден сатылады. Қазір кәсіпорын жылына 8 миллион шақырым дайын өнім түрлерін шығаруда. Алдағы уақытта қосымша желілерді өндіріп, қуаттылығын екі есеге арттырмақ.