ОҚО ІІД таратқан дерек бойынша Қазақстанның құқық қорғау қызметкерлерінің жедел іздестіру шараларының нәтижесінде Бостандық ауылының тұрғыны Навмидин Нарметов ұсталды.
Бүгінде аталған қылмыстық іспен ІІМ арнайы тергеу тобы айналысуда. Осы оқиғаға байланысты наразылық білдірген ауыл жастарының арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тәртіпке шақырылды. Бұдан бөлек облыс әкімдігінің мамандары мен прокуратура қызметкерлері бірлесіп, ауылдардағы тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізген. Тәртіпсіздік орын алған ауыл мен сол маңдағы елдімекендердің сауда нүктелерінде ішімдік сатуға тыйым салынды.