Полицейлер Сарыағаш ауданындағы жағдайдың тынышталғанын мәлімдеді. Ынтымақ ауылының тұрғандарының арасындағы қақтығыс тоқтатылған. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлайды.
«Үш күн бұрын Ынтымақ ауsлында пышақтан алған жарақаттан салық комитетінің қызметкері қаза болды, ол осы ауылдың басқа тұрғындарымен араздасқан екен. Қаза болғанның туыстары марқұмды жерлеген соң 4 ақпанда түс ауа көшеде өткен жиында айыптыны жазалауды талап ете бастайды. Олар шамамен сағат 17:00-де үйлерді, сауда нүктелері мен автокөліктерді өртей бастады» дейді ауыл тұрғындары.
Басқа да дерек көздерінен белгілі болғандай, Ынтымақ аулына аудандық полиция қызметкерлері келген, жедел қызметтің жасақтары енгізілді. Электр жарығы сөндіріліп, интернет өшірілген, ұялы байланыс жұмысы үзілген.
Астанадан жұма күні түске дейін ІІМ басшылығы осы қақтығысқа қатысты ресми түсініктеме береді деп күтілуде.