Шымкентте азық-түлік жәрмеңкесі өтті

476

Шымкентте азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі өтті. Онда қала жұртшылығы ет, сүт, май өнімдері мен өзге де күнделікті қажетті тауарларды қолжетімді бағада сатып алды. Әсіресе, көкөніс пен жеміс-жидектерге сұраныс көп болған.

555555555555555555555555

Ал жергілікті кондитерлік өнімдерді сатып алу үшін клиенттер тіпті ұзын-сонар кезекке тұрды.
Отандық өнімдерге деген сұраныстың артуын саудагерлер Ресейден келетін кондитерлік тауарлардың жеткізілуіндегі түйткілдермен байланыстарды. Қалай дегенмен, халықтың өзімізде өндіріліген өнімдерге деген өз түйгені бар.

Таңсәріден қызған сауда кешке дейін жалғасты. Ал бағалар туралы пікірлер әралуан. Тұтынушылардың бірі жеңілдікті кейбір тауар бағаларынан ғана байқауаға болады десе, енді бірі жәрмеңкедегі нарық пен базардағы бағаның айырмасы жоқ дейді.

Айта кетейік, мұндай жәрмеңке Әл Фараби алаңында демалыс күндері өтеді. Ұйымдастырушылардың сөзіне сенсек, мұнда тауарлар базар нарқынан төмен саудаланады.