Ерекше үлгідегі сәулет өнерімен салынған «Аvenuе»мейрамханасы келушілердің назарын бірден аударады. Аса жайлылық сыйлайтын ғимараттың ас мәзірі де талғамға сай. Мейрамхананың басты артықшылығы – отбасылы келушілерге арналған. Мәселен мұнда спиртті ішімдіктер ұсынылмайды және балаларға арналған ас мәзірі бар.


Айгүл Елібаева, мейрамхананың қонағы: «Бізге мейрамхана өте қатты ұнады. Бағасы да ғымбат емес, астары да дәмді. Өте ыңғайлы зал және қала орталығында орналасқан. Жиі келіп тұрамыз деп ойлаймын.»

Мұнда қонақтар әлем халықтары – азиялық, кавказдық, италяндық, мексикалық асханамен қатар қазақтың ұлттық дәмдерінен де дәм тата алады. Ал келушілерді аспаздық шеберлігімен тәнті етіп үлгерген мейрамхананың бренд-аспазшысы Олег Сидоровтың да тартуы бар екен. Ол бүгін шымкенттіктерге жаңа тағам түрін ұсынбақ.

Еттен жасалған тағам
Еттен жасалған тағам

Олег Сидоров, бренд-аспаз: «Қазақстанда бірінші орында еттен жасалған тағамдарды таңдайды. Мысалы тай салаты да еттен жасалады. Яғни, барлығы еттен. Ал біз басқа жолды таңдаймыз. Біздің ұсынатын тағамдарды әлі Шымкентте ешкім дайындаған емес.»

«Аvenuе» басшылары үшін бұл кәсіп таңсық емес. Умаровтар отбасы бірнеше жылдан бері «Каравай» мейрамханасын және кондитер желісін ашып, қалалықтарға қуаныш сыйлап жүр. Жаңа ғимаратта енді олар ұсынылатын тағамдардың санын көбейтумен қатар ыңғайлы тамақ ішу кестесін де құруды қолға алыпты.

Осылайша таңғы сағат 8-ден бастап таңғы ас, күндізгі бизнес-ланч келушілер үшін ыңғайлы да қол жетімді бағада болмақ. Бастысы – ас мәзірі күнара өзгеріп тұрады әрі тапсырыс беру уақыты не бәрі бір минутты алады.

Адхам Умаров, «Каравай» мейрамхана және кондитерлік желісінің бас директоры: «Біз келушілер мен шымкенттіктерді таң қалдыру үшін әлемнің ең үздік саналған тағамдарын ұсынудамыз. Пицца пісіретін пеш салдық. Мен өткен жылы Италияға барып, мұны көріп келдім. Оның маған ұнағаны сондай, өз елімде осыны жүзеге асырдым. Арманым орындалды».

5236

14-ақпан күніне орай «Аvenuе» мейрамханасы тосын сыйлықтар мен тартулар дайындап отыр. Қалауыңыз болса, қазірден бастап мейрамханаға тапсырыс бере аласыз. Ал романтикаға толы жайлы орынды табу да қиын емес.

Мейрамхана қала орталығындағы Желтоқсан көшесі, № 8 үйде орналасқан. Әл Фараби полиция бөліміне қарсы бетте.