9 ақпан күні күндізгі сағат 16:34 шамасында облыстық төтенше жағдай департаментіне қарасты шұғыл құтқару жасағына суыт хабар түседі. Куәгерлер облыстық туберкулез диспансерінің аумағындағы су мұнарасына шығып алған жас жігіттің төмен қарай секіруі мүмкін екенін айтады.

005

Оқиға орнына тез арада құтқарушылар, апатты медицина жасағының қызметкерлері мен полицейлер келді. Анық болғаны, мұнараға мінген жігіт шипажайда емделу үшін жолдама талап етіп отыр. Әйтпеген жағдайда төмен қарай секіремін деп қорқытуда.

008

Оқиға орнына диспансердің бас дәрігер бастаған қызметкерлері де келді. Олардың айтуынша, бұл науқас осыған дейін диспансерден емделып шыққан. Одан кейін өкпе құртына шалдыққан науқастарға арналған шипажайда емделуге кетіп, ол жақтан тәртіп бұзғаны үшін шығарылып жіберіліпті.

007

Оқиға орнына жиналғандар бұл жігітті ақымақтық жасамауға екі жарым сағат бойы көндірумен болды. Аздап ішіп алған науқас кез келген уақытта төмен қарай секіруі мүмкін еді.

006

Дегенмен, оқиға сәтті аяқталды. Кешке қарай шырқ бұзған адам өз ойынан айнып, төменге өз бетімен түсті. Өзі Жамбыл облысының 35 жастағы тумасы екен. Қазір оның мәселесімен тәртіп сақшылары айналысуда.