Ұлы Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Абай ауданы әкімдігі ардагерлер мен тыл еңбеккерлерінің әлеуметтік картасын толтыруда. Қосылған елдімекендердің есебінен бүгінде ауданда ҰОС ардагерлерінің саны артып, 69-ға жеткен. Тыл еңбеккерлерінің саны 2300-ден асқан.
«Шұғыла» шағынауданында тұратын Сайын Бекешов ата биыл 89 жасқа толады. Майданға 16 жасында аттанған Қызылорда облысындағы Шиелі аулының тумасы Сталинград шайқасына қатысқан. Ерлігі үшін бірнеше медальдермен марапатталған. Соғыс аяқталғаннан кейін ауыл шаруашылығы саласында еңбек етті. Ақсақалдың өмірлік жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге.
[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=EfpPJ610DYY[/youtube]