Шымкент қаласында маусым айында жаңа автобус паркі іске қосылады. Қытайда шығарылған жолаушы таситын 200 көлікті алып келген «Green Bus» компаниясы екі жарым гектар алқапқа 400 автобус сыятын нысанның құрылысын жүргізіп жатыр.

003

Автопаркте жүргізушілер үшін барлық жағдай жасалатын болады. Көлік жуатын, тынығатын орындар және жанармай  бекеті қарастырылған. Қазір мұнда құрылыс жүріп жатыр.