Шымкентте жол жүру қызметінің ақысы қымбаттамайды. «Южавтотранс» қауымдастығының басшылары қаладағы қоғамдық көліктердегі жол ақысының өзгермейтінін мәлімдеді.

Қауымдастық төрағасы Дархан Қаюповтың айтуынша, осыдан үш жыл бұрын жол ақысын 50 теңгеге көтергенде жанар-жағармайдың бағасы бір литріне 90 теңге болатын. Бұдан бөлек қосалқы бөлшектердің бағасы да қымбаттаған еді.

Ал соңғы жылдары автобустардың жаңалануы мен бензин бағасының төмендеуіне байланысты жолақыны тұрақты ұстауға мүмкіндік туып отыр. Сарапшылардың айтуынша, жолаушылар тасымалдауда ең төменгі баға Шымкент қаласында.