Шымкенттіктер отандық өнімдерді қолданады

1044

Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында отандық өндірушілерді қолдауға шақырып, «Қазақстанда жасалған!» жалпыұлттық акциясын өткізуді тапсырған болатын. Осыған орай Шымкент қаласындағы сауда орындарында отандық өнімдер үшін арнайы сөрелер орнатылып, онда елімізде өндірілген тауарлар қойылды.

005

 

Шымкенттегі «Фиркан», «Шахан» сауда орталықтарында арнайы сауда қатарлары пайда болды. Отандық өнім өндіруші компаниялар менкәсіпорындарды қолдау мақсатында ұйымдастырылған шараға тұрғындар бірауыздан қолдау білдіріп, Қазақстанда өндірілген азық-түліктер мен тұрмыстық заттарды сатып алуда белсенділік танытуда.

004

 

007

Осылайша оңтүстікқазақстандықтар елімізде жасалған тауарларды тұтыну арқылы ел экономикасының дамытуға сүбелі үлес қосатынын ұғынып отыр.

[youtube]https://www.youtube.com/watch?v=YDvVRzKrUso[/youtube]

Алдағы уақытта Қазақстандық өнімдерді насихаттау және тұтынушылар көп шоғырланатын өтімді орындарда сату бағытында атқаралатын шаралар өңірдегі ірі сауда орындарында іске асады деп жоспарлануда.

008

006

Дереккөз: ОҚО әкімі аппаратының баспасөз қызметі