Соғыс ардагерлеріне 100 мың теңгеден беріледі

478
фото: //bnews.kz

Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 70 жылдығына орай ардагерлер мен тыл еңбеккерлеріне мемлекеттен төленетін өтемақының көлемі нақтыланды. ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңестірілгендерге 1 реттік материалдық көмек көрсету үшін бюджеттен 5 млрд. 600 млн. теңге бөлінеді.

фото: //bnews.kz
фото: //bnews.kz

Бұл туралы денсаулық және әлеуметтік даму министрлігі хабарлайды. Бұдан бөлек Астана және Мәскеу қалаларында жеңіс мерейтойына арналған шараларға қатысуға 61 млн. 800 мың теңге бөлінеді деп жоспарланған.

Сонымен, ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне 1 реттік көмек ретінде 100 мың теңге, оларға теңестірілгендерге — 70 мың теңге, соғыс жылдарында қайтыс болған әскерилердің ата-анасы, Ленинград қоршауында болған қала тұрғындарына, фашизмнің концлагерьлерінде болған кәмелетке дейінгі тұтқындар мен гетто және басқа күштеп қамауда болғандарға — 30 мың теңге, тыл еңбеккерлері мен қайтыс болған ҰОС мүгедектерінің жесірлеріне 25 мың теңгеден беріледі.

Соңғы мәліметтер бойынша, Қазақстанда 5037 ардагер мен мүгедектердің көзі тірі. Оларға теңестірілгендердің саны — 1434 адам. Соғыста қаза тауып, із-түссіз жоғалғандардың жесірі — 195. Соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің жесірлерінің саны 9870-ті құрайды. Тылда еңбек еткендер қатары — 195 713.